Алан Құрманғалиев Португалиядағы турнирде топ жарды

Алан Құрманғалиев Португалиядағы турнирде топ жарды

Алан Құрманғалиев Португалияның Вила-Нова-да-Гайя қаласында өткен үстел теннисінен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Қазақстандық 15 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы финалда аустралиялық Адитья Саринді 3-2 есебімен жеңді.

Оған дейін Алан жартылай финалда румын Рашец Куэсдинді, ширек финалда тунистік Васим Эссидтен 3-2 есебімен басым түскен. Ал топтық кезеңде француз Натан Артур Пиларды ұтты (3-0).

Сондай-ақ қарағандылық үстел теннисінің шебері 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында да бақ сынаған. Бұл санатта ол ширек финалда жапониялық Реичи Есияманың мықты екенін мойындауға мәжбүр болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или