Кукушкин ATP рейтингінде топ-200 қатарына енді
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншылары рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Михаил Кукушкин Италиядағы «Челленджердің» финалына шығуының арқасында бірден 32 сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингтің топ-200 қатарына қайта енді. Денис Евсеев пен Бейбіт Жуқаев та өз орындарын жақсартты. Григорий Ломакин 34 сатыға төмендеп, үздік 1000 қатарынан шығып қалды. Александр Бублик пен Тимофей Скатов бұрынғы орындарында қалды.
Жұптық рейтингте Андрей Голубев 47-орнын сақтап қалды, Александр Недовесов 52-орынға көтерілді.
ATP рейтингі. 28 қарашадағы орындар
1 (0). Карлос Алькарас (Испания) – 6820
2 (0). Рафаэль Надаль (Испания) – 6020
3 (0). Каспер Рууд (Норвегия) – 5820
4 (0). Стефанос Циципас (Греция) – 5550
5. (0). Новак Джокович (Сербия) – 4820
6 (0). Феликс Оже-Альяссим (Канада) – 4195
7 (0). Даниил Медведев (Ресей) – 4065
8 (0). Андрей Рублев (Ресей) – 3930
9 (0). Тэйлор Фритц (АҚШ) – 3355
10 (0). Хуберт Хуркач (Польша) – 2905
37 (0). Александр Бублик (Қазақстан) – 1130
146 (0). Тимофей Скатов (Қазақстан) – 380
192 (+32). Михаил Кукушкин (Қазақстан) – 300
293 (+2). Денис Евсеев (Қазақстан) – 177
311 (+4). Бейбіт Жукаев (Қазақстан) – 165
330 (-1). Дмитрий Попко (Қазақстан) – 152
1001 (-34). Григорий Ломакин (Қазақстан) – 11
Фото Instagram/kukushkin_mikhail