Табынбаев Алматыда титулды жекпе-жек өткізеді

Табынбаев Алматыда титулды жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Елхан Табынбаев (5-0, 3 КО) 11 желтоқсанда Алматыда титулды жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 жастағы алматылық жартылай ауыр салмақтағы вакантты WBC International титулы үшін бразилиялық Матеус да Силвамен (7-0, 3 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.

Елхан Табынбаев кейінгі рет рингке биыл 15 маусымда Мәскеуде шыққан. Онда беларусь спортшысы Сергей Крапшиланы (4-33-2, 3 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или