Михаил Кукушкин Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Михаил Кукушкин Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 223-ракеткасы Михаил Кукушкин Италиядағы Андрия челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 264-ракеткасы, бельгиялық Микаэль Гритцпен күш сынасты.

М.Кукушкин 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 42 минутқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 3 эйспен бірге 4 брейкке қол жеткізді.

М.Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 122-інші, осы жарыстың 5-ракеткасы, аустриялық Юрий Родионовпен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или