Фроч Головкин үшін өзінің тым күшті екенін айтты

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, ағылшын боксшысы Карл Фроч өзін Геннадий Головкин үшін тым күшті екенін айтты. Айта кетейік, осыған дейін ол қазақстандықпен жұдырықтасуға қызығушылық танытқан еді.

Алайда кейін Фроч екінші орта салмақта IBF чемпионы, 29 жастағы ағылшын Джеймс Дигейлмен жекпе-жек өткізуге қызығып отырғанын мәлімдеді. Фрочтың таяуда әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасына "GGG үшін тым үлкен әрі күшті" деп, суретін салғаны хабарланды.

Айта кетейік, бұған дейін экс-чемпионның мүддесін қорғаушы ағылшын промоутері Эдди Хирн оның мансап жолы жалғасатын болса Геннадий Головкинмен кездесу болып қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Еске салайық, осының алдында Геннадий Головкинге багам боксшысы Туреано Джонсонның ең лайықты қарсылас болып отырғаны хабарланған болатын. Бұл туралы Boxingnews24.com басылымы ESPN тілшісі Дэн Рафаэльге сілтеме жасап хабарлады.

Tengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или