Жеңіл атлетика

Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді

Астанада жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Астанада 17 желтоқсанда Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде қазақстандық жеңіл атлет Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған алғашқы халықаралық турнир өтеді.

Старт Будапешт қаласында өтетін 2023 жылғы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына іріктеу турнирлерінің бірі саналады.

Жарыс бағдарламасында сегіз пән бар (әйелдер мен ерлер арасында).

Ерлер: 60 метрге жүгіру, 60 метр барьермен, 400 метр, 800 метр, 3000 метр; ядроны итеру; ұзындыққа секіру; биіктікке секіру.

Әйелдер: 60 метрге жүгіру, 60 метр барьермен, 400 метр, 800 метр, 3000 метр; биіктікке секіру; үш қарғып секіру; сырықпен секіру.

Сондай-ақ, бағдарламаға балалар арасындағы жарыстар кіреді: ұлдар мен қыздар арасында 60 метрге жүгіру және 4х200 эстафета (микс).

Әмин Елемесұлы Тұяқов-қазақстандық жеңіл атлет, КСРО чемпионатының чемпионы және жүлдегері, КСРО рекордсмені, Еуропа Кубогының иегері, Еуропа чемпионатының жүлдегері, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Бүгінгі таңда атақты жеңіл атлет 85 жаста. Ол Алматыда тұрады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер