Басқа

Самбодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар 10 медаль иеленді

Самбодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар 10 медаль иеленді

Қазақстандық балуандар Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен самбодан әлем чемпионатында 3 күміс, 7 қола жүлде алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап..

13 қарашада әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстандық балуандар 3 күміс, 7 қола медаль алды. Нәтижесінде жалпы есепте 9-орынға жайғасты.

Жарыстың үшінші күнінде жауынгерлік самбодан 71 келіге дейінгі салмақта Әсет Анарбаев финалға шығып, израильдік Тариэль Аббасовқа есе жіберді.

Ал 88 келіде Айбек Саметаев жартылай финалда сүрініп, қоланы қағанат тұтты.

Тағы бір қоланы әйелдер арасында Арайлым Әбенова (80 келіден жоғары) алды.

Еске салсақ, 12 қарашада Ділдәш Құрышбаева (72 келі), Арнұр Қуатай (71 келі) мен Мирас Уәлиев (58 келі) қола жүлдегер атанды.

Ал 11 қарашада Қайырберді Айдынбай (58 келі) мен Асылбек Смайылов (79 келі) күміс жүлдегер болса, Гүлдана Әлмұхамбетова (54 келі), Райхан Мәди (98 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Әлем біріншілігінің нәтижесі жөнінде ұлттық құраманың бас бапкері Біржан Имаханов биылғы көрсеткішті жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Биылғы көрсеткішті жақсы деп бағалаймыз. Шешуші сәтте кей самбошыларымызға сәттілік жетпей жатты. Биыл көптеген жас спортшы құрамаға енді қосылды. Соған қарамастан олар жүлде алмаса да, үздік бестіктен көрініп жатыр. Мысалы, 22 жастағы Әсет Анарбаев ересектер арасында алғашқы әлем чемпионатына келді. Келесі жылы Алматы қаласы ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын қабылдайды. Соған тыңғылықты дайындаламыз», - деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0