Қазақстандық жұлдыздар ресейлік қарсыластарын жеңді

Бүгiн елордадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда «Астана кубогi» үшiн Қазақстан мен Ресей жұлдыздары арасында футболдан жарыс өттi, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Астана күнiн мерекелеу аясында екi елдiң әртiстерi арасында ұйымдастырылған жолдастық жарыстың 35 минуттан тұратын екi таймында есеп ашылмады. Сол себептi, төрешi 5 пенальти тағайындады. Нәтижесiнде, 3:1 есебiмен Қазақстан құрамасы жеңiске жеттi.

Сонымен, Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбiлов, Тәуекел Мүсiлiм, Ғадiлбек Жанай, Мэлс Елеусiзов, Жұбаныш Жексенұлы, Нұржан Керменбаев, Нұр - Мұқасан, Rin’Go, Mysterions, Арай топтарының әншiлерi және тағы басқа жұлдыздар «Алатау» деп аталатын қазақстандық құрама үшiн көк алаңда доп тепті. Айта кету керек, жарысқа қатысып отырған әншiлердiң басым бөлiгi ауыз бекiткен.

«Баршамыз ораза ұстап, ауыз бекiттiк. Соған қарамастан, бүгiн алаңға шығып, ойынға қатыстық. Бұл iсiмiз ақталып, мiне, жеңiске жетiп отырмыз. Осы шараға ұйытқы болып отырған Астана күнiмен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Жеңiстен жеңiстерге жете берейiк», - дедi Команда капитаны - «НұрМұқасан» тобының әншiсi Мұқасан Шахзадаев.

Ойын барысында Қазақстан қақпасында тұрған әншi Кәрiм Абдулкәрiмовтың хас шеберлiгiн айтпай өтпеске болмас. Оның допты дөп тосуы алаңдағы талайды таң қалдырды.

Көршi елден келген құрамада Влад Топалов, Иракли Пирцхалава, Илья Авербух, Эдгард Запашный, Илья Глинников, Михаил Гребенщиков, Пъер Нарцисс, Виктор Зинчук, Сергей Крылов және басқалар бар.

Жарыс аяқталған соң алаңға жиналған көрермендер үшiн мерекелк концерт ұйымдастырылды.

BNews.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или