Асхат Сағынаев: «Қанат Исламның жекпе-жегін көрсетуге дайынбыз»

«KAZsport» телеарнасының бас редакторы Асхат Сағынаев берген сұхбатында Қанат Исламның жек-жектерін көрсетуге дайын екендіктерін атап өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

– Жанкүйерлер тарапынан «Қанат Исламның жекпе-жегін «KAZsport» арнасы қашан көрсетеді?» деген сұрақ көптеп қойылуда. Бұған не дейсіз?

– Бұл сұраққа мен емес, Қанат Исламның проумоутерлік компаниясы жауап беру керек деп есептеймін. Өйткені, Қанаттың әлі бірде-бір жекпе-жегін әлемдік телеарналар түсіріп жатқан жоқ. Бұл дегеніміз – Қанат Исламның чемпиондық атаққа таласу үшін әлі біраз тер төгуге тура келеді. Ал, біз Қанаттың жекпе-жегін көрсетуге әрқашан дайынбыз. Ол үшін, Қ.Исламның проумоутерлік компаниясы Геннадий Головкин сияқты аудиториясы үлкен жекпе-жек ұйымдастыру қажет. Және, жекпе-жегін әлемдік арналар көрсетуі тиіс. Сонда ғана біз Қанаттың жекпе-жегін эфирден көрсете аламыз. Қанат бауырымыз мұхиттың арғы бетіне қазақ елін Әлемге таныту үшін кетті ғой. Сол себепті біз Қанатты әрдайым қолдаймыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или