Благоевич қайда барады?

Благоевич қайда барады?
news-banner7
mobile-news-top

Жақында венгриялық «Дебрецен» клубының тізгінін ұстаған сербиялық маман Срджан Благоевич қызметінен ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуропа чемпионаттарының клубтары сербиялық маманға қызығушылық танытып отыр, олардың бірі - ресейлік «Нижний-Новгород». Ал «Дебрецен» басшылығы маманға жақсартылған шарттармен жаңа келісімшарт ұсынуды жоспарлап отыр.

«Дебреценге» дейін Благоевичтің кейінгі клубы «Астана» болды, оның басшылығымен клуб турнирлік кестеде көш бастады, сонымен қатар Қазақстан кубогының жартылай финалына дейін жетті. Осыған қарамастан елордалық клуб басшылығы маманды қызметінен босату туралы шешім қабылдап, Григорий Бабаянды бас бапкерлікке тағайындаған.

Қазанның басында Срджан Венгрия чемпионатында 12 клубтың ішінде тоғызыншы орында тұрған «Дебрецен» командасының тізгінін ұстады. Кейінгі бес ойында оның клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Тобылды» жеңген «Ференцварошты» озып, бірінші орында келеді. Сонымен қатар, ол келгеннен кейін команда сегіз ойында 20 гол соқты.

Олар бапкерін қаншалықты бағалайтынын және жақсы көретінін «Мезоковедті» жеңгеннен кейінгі көріністен байқауға болады, ойыншылар телеарнаға сұхбат беріп тұрған бапкеріне жүгіріп барып құшақтай кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер