Жасөспірімдер командасы әлем чемпионатына дайын

Жасөспірімдер командасы әлем чемпионатына дайын

Бокстан Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасы 2015-жылғы әлем чемпионатында өз көрсеткішін жақсартуға тырысады, деп хабарлайды  «PROСПОРТ».

Бірақ, 4-12 қыркүйекте өтетін Санкт-Петербургтегі әлем біріншілігіне қатысатын боксшылардың есімдері әле де анықталған жоқ. AIBA президенті доктор Чинг-Куо Ву бұл әлем чемпионатын асыға күтетіндігін Халықаралық бокс Ассоциациясының ресми сайтына хабарлады. "Жергілікті ұйымдастырушылық комитеті Санкт-Петербургте жарысты жоғары деңгейде өткізетіндігіне сенемін, - дейді доктор Ву. - Бұл жарыс былғары қолғап жас шеберлері үшін алдағы спорттық өмірдегі алғашқы қадамдардың бірі болмақ, сондықтан қатысушылардан жоғары сапалы боксты күтемін".

Қазақстан командасының құрамы әлі белгісіз. Жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Қайрат Саижановтың айтуынша, жаттықтырушыларда толық құрамын бекіту үшін бір айдай уақыт бар. Қазір спортшылар үйде дайындалуда, бірақ олар шілденің 10-26 аралығында Ыстық Көлдегі оқу жаттығу жиынын өткізіп, тамыздың басында Қостанайдағы А.Мирошниченко есіміне арналған жарысқа қатысады. Тек осыдан кейін ғана әлем чемпионатына аттанатын боксшылардың есімдері белгілі болады.

"Әлем чемпионатының алдында 20 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Алматыда соңғы жиынын өткізіп, Санкт-Петербург қаласына жолға шығамыз, - дейді Қайрат Тұрсынханұлы. - Шілде-тамыз айларынан кейін кейбір салмақ дәрежелері бойынша шешім қабылдаймыз, әрине, Азия чемпионатында жеңіске жеткендері үшін құрама командасындағы орны сөзсіз. Командамыздың алдындағы мақсаты жоғары - өткен әлем чемпионатында біз екі алтын, бір күміс және бес қола жүлделерге қол жеткізсек, бұл жолы бұл көрсеткіштерді жақсартуға тырысамыз. Әрине, бұл әлем біріншілігі бүгін жасөспірімдер арасында бокстан көшбасшы болып саналатын Ресейде өткізіледі, бірақ командамыз шаршы алаңға шығуға әбден дайын".

Жарысқа 13 салмақ дәрежелер бойынша 15-16 жасар боксшылар қатыса алады. Санкт-Петербург қаласына 80 елдің өкілдері келеді деп күтілуде. Кеше, 2 шілде күні, AIBA Халықаралық бокс Ассоциациясы 2015 жылғы әлем чемпионатының логотипін жария етті.

confederation.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или