Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері турнирде 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жартылай финалдық жекпе-жек өткізіп, тәжікстандық Мухаммад Аброридиновты жеңді. Енді ол Азия чемпионы титулын сарапқа салады.

Ерлер арасындағы жартылай финал 21:00-де жалғасады. Онда төрт қазақстандық боксшы өнер көрсетеді: Сәкен Бибосынов, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және Айбек Оралбай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или