Дойбышы Тоғжан Тәжібекова Әлем чемпионатында 2 жүлдеге қол жеткізді

Дойбышы Тоғжан Тәжібекова Әлем чемпионатында 2 жүлдеге қол жеткізді

Түркияның Анталия қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы дойбыдан Әлем чемпионатына 19 елден 200-ге тарта ойыншы келіп, бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Бұл жолы отандасымыз Тоғжан Тәжібекова 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында дойбының рапид және классика түрінен де 2-орынға ие болды. Бұған дейін ол 64 шаршылы дойбыдан дәл сол санатта әлем чемпионы атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или