Басқа

Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем Кубогын екі медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем Кубогын екі медальмен аяқтады

Семсерлесуден Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогында үздік үштікті түйіндеді.

Бәсекенің соңғы, 2-күні командалар өзара кім мықтыны анықтады. Қайша Жәнібек, Диляра Исабекова, Полина Ко мен Әдемі Серікбайдан құралған Ұлттық құрама Грузияны 45-17 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Алайда онда Өзбекстаннан келген құрбыларына есе жіберді. Ал қола медаль үшін болған кездесуде Болгариядан 45-37 есебімен басым түсті.

Командалық сында барлығы 6 ел – Қазақстан, Оңтүстік Корея, Түркия, Грузия, Болгария, мен Өзбекстан бақ сынады.

Айта кетейік, кеше Әдемі Серікбай жекелей сында қолаға ие болған. Бұл дәл семсерлесуден жасөспірім қыздар арасындағы Қазақстанның алғашқы жүлдесі. Жалпы елімізде бірінші рет ұйымдастырылған Әлем Кубогына 10 елдің 50 спортшысы қатысты.

Түпнұсқасы: kazsports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0