Мәнерлеп сырғанаушылар Болгариядағы турнирде сәтті өнер көрсетті

Мәнерлеп сырғанаушылар Болгариядағы турнирде сәтті өнер көрсетті

Болгария астанасы Софияда мәнерлеп сырғанаудан 2 дүркін әлем чемпионы Албена Денкова мен Максим Стависки атындағы Х халықаралық турнир аяқталды.

Ерлер арасында қазақстандық Диас Жиренбаев 186.84 ұпай жинап, қола жүлдегері атанса, әйелдер сайысында Багдана Рахишова 5-ші (137.46 ұпай), Ясмин Текик 6-орынға (130.24 балл) тұрақтады. Ал жасөспірім қыздар арасында Амина Шәлімбекова 6-сатыдан көрінді. Оның еншісінде 115.19 ұпай бар.

Сондай-ақ 1-разрядтағы мәнерлеп сырғанаушылар жарысында Екатерина Балюба күміс медальді жеңіп алды.

Айта кетейік, жыл сайын мұнда 10-нан астам елдің жас спортшылары келіп, өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алады. Денкова мен Стависки Кубогы Халықаралық конькишілер одағының (ISU) Challenger сериясына кіреді, 2012 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или