Серікбай Адема семсерлесуден әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Алматыда семсерлесуден World Cup Almaty Jastar Saber Cup 2022 турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жасөспірімдер арасындағы жеке біріншіліктің бірінші күнінде қазақстандық Серікбай Адема қола жүлде жеңіп алды. Ширек финалда Адема Өзбекстан өкілін 15/9 есебімен ұтты.
Жартылай финалда біздің спортшымыз жарыстың алтын жүлдегері Оңтүстік Кореядан келген Ким Наэден ұтылды.
Бүгін командалық кездесулер өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или