Семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогында тұңғыш жүлде түсті

Семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогында тұңғыш жүлде түсті

Бүгін Әдемі Серікбай Алматы қаласында өтіп жатқан семсерлесуден жасөспірім қыздар арасындағы Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды.

16 жастағы қазақстандық 1/8 кезеңде түркиялық, ал ширек финалда өзбекстандық спортшыны 15-9 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда кейіннен чемпион атанған оңтүстік кореялық Ким На Иеге есе жіберді.

Бұған дейін қазақстандықтар жасөспірімдер арасында Әлем Кубогында жүлдегерлер қатарына кіріп көрмеген. Жалпы бүгінгі жекелей бәсекеге 10 елдің 50 спортшысы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или