Таразда еркін күрестен халықаралық турнир басталды

Таразда еркін күрестен ересектер арасындағы халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
<span>Палуандар бәсекесі Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған. 3 күнге жоспарланған жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында өтіп жатыр. 8 елден келген 143 палуан, 10 салмақ дәрежесі бойынша кім мықтыны анықтайды. Айта кетейік, бұл турнир 2007 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді. </span>
<span>Жүлде қоры ауқымды. 33 милион теңге. Жарыс жеңімпазына 4 000 АҚШ доллары берілсе, II орынға 2 000, 3-орынға 500 АҚШ доллары қарастырылған. Әрі әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз спортшының жаттықтырушысына – 500 АҚШ доллары беріледі. Мамандар халықаралық бұл жарыстың отандық спортшыларға тәжірибелік тұрғыда берері көп дейді. </span>
<span>Марат Нұржанов, жарыстың бас төрешісі: </span>
<span>– Бүкіл әлемдік күрес қауысдастығы бар. Сол күрес қауымдастығына кіретін ереже бойынша өтеді. Осы жарыс біздің балаларымызға болашақта, келесі жылы өтетін Азия ойындарына және лицензиялық әлем біріншіліктерінде үлкен үлесін қосады. </span>