GTF - таэквондодан ел үздіктері анықталды

GTF - таэквондодан ел үздіктері анықталды

Астанада таэквондоның GTF бағыты бойынша жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогі өтті.

Биылғы бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 400-ден аса қатысушы жиналды. Олар 40 салмақ дәрежесі бойынша медальдарды сарапқа салады. Бұнда жас ерекшеліктері де ескерілген. Яғни 12 мен 14 жастағылар бөлек, 15 пен 17 жастағылар бөлек, өзара мықтыны анықтады.

2 күнге созылған жарыс нәтижесінде жалпокмандамлық есепте Ақтөбе спортшылары топ жарды. Үздік үштікті Атырау мен Астана құрамасы түйіндеді.

Жеңіске жеткен өрендер енді ұлттық құрамаға алынып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или