Қазақстандық спортшылар эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстандық спортшылар эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстандық спортшылар эстетикалық топтық гимнастикадан құрлықтық додада сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Байрақты бәсеке Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен болатын. 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер санатында астаналық команда ең жоғары ұпай алып, жарыс жеңімпазы атанды. Кейін тағы бір елордалық команда 10-12 жас аралығындағы балалар санатында күміс жүлдегер атанды. Айта кету керек, бұл спортшыларды Әсел Тастанбекова баптайды.

Сонымен қатар, тағы бір елордалық Алан-Томирис командасы 12-14 жас аралығындағы балалар санатында үздік үштікті түйіндеп, қола жүлде еншіледі. Ел абыройын асқақтатқан қыдарды елорда әйежайынан достары, туыстары және жанкүйерлеріә күтіп алды.

Ботагөз Амангелдинова, эстетикалық топтық гимнастикадан қалалық федерация басшысы:

- Қазақстандық қыздар өте жақсы өнер көрсетті. Қойылған тапсырманы бұлжытпай орындап, ел абыройын асқақтатты. Бүгін үлкен командамыздың бір бөлігі ғана келіп жатыр. Азия чемпионатында қола алған спортшыларымыз бірер күн бұрын жетті. Қай-қайсы да ерекше құрметке лайық және осы жеңістер басқа қыздарымызға мотивация болады деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или