15 жастағы қазақстандық джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

15 жастағы қазақстандық джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Абу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында атыраулық Болашақ Сүйекенов әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Болашақ Сүйекенов әлем чемпионатында 38 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Бас бапкер Айбар Есенғалиевтің сөзінше, қазақстандық шәкірттер өте ұзақ уақыт дайындалды.

«Әлем чемпионатына қатысу тынымсыз дайындықты, қажырлы еңбекті, жеңіске деген ұмтылысты қажет етеді. Спортшыларымыз қатысып, нәтижелерін көрсетіп жатыр. Жарыстар жоғары деңгейде өтіп жатыр», – деді ол.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы жекелей сында көш бастады.

Абу-Дабидегі джиу-джитсудан әлем чемпионаты 2022 жылы 28 қазанда басталып, 8 қарашаға дейін жалғасады. Оған 65 елден 1,5 мың спортшы қатысып жатса, елімізден 28 спортшы барды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или