Қазақстанда олимпиадашылар мен олардың жаттықтырушыларына өмір бойы төленетін төлемдер 4,2 есеге өсті

Қазақстанда олимпиадашылар мен олардың жаттықтырушыларына өмір бойы төленетін төлемдер 4,2 есеге өсті

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиада ойындарының, сондай-ақ Олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушыларды өмір бойы ай сайынғы қамтамасыз етуді айтарлықтай индексациялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz. ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл төлем бастапқыда 24 АЕК (73 512 теңге) құрады және ұзақ жылдар бойы өзгеріссіз қалды. Алайда биыл Мәдениет және спорт министрлігінің ҚР Үкіметіне ұсынысы қолдау тауып, ай сайынғы жәрдемақы мөлшері 100 АЕК-ке (306 300 теңге) дейін өсті. Бұл өзгерістер тек спортшыларға ғана емес, олардың бапкерлеріне де әсер етті. Яғни, олимпиадалық спорт түрлерінен Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада және әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген тәлімгерлер де өмір бойы алатын ай сайынғы материалдық қолдауға өтініш бере алады.

Айта кетерлігі, бұл төлемді алу үшін спортшылар мен жаттықтырушыларда спорт саласында жиырма жылдық еңбек өтілі болуы керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или