Қазақстандық каратэшілер әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстандық каратэшілер әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Түркияның Конья қаласында WKF каратэден кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионаты аяқталды. Бес күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жалпы есепте 5-сатыдан көрінді.

Соңғы жарыс күні жасөспірімдер сынында Бэлла Самашева (-55 кг) финалда қарсыласына есе жіберді. Ал кеше кадеттер арасында Әлихан Қадырғали (-70 кг) мен жасөспірімдер арасында Максим Москвичев (61 кг) чемпион атанып, Әлішер Тайжанов (+76 кг) қоланы мойнына таққан еді.

Қазақстандықтар тек кумите бағдарламасында жүлдеге ие болды.

Жалпы мұнда 104 елден 1900-ден астам татами шебері бас қосып, соның 40 мемлекетіне медаль бұйырды. Жапония құрамасы 11 медальмен (8 алтын, 3 қола) жеке дара көш бастаса, жарыс қожайыны Түркия (4 алтын, 4 күміс, 3 қола) 2-орын алды. Одан кейін Мысыр мен Алжир жайғасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или