Джиу-джитсу шеберлері Әлем чемпионатын сәтті бастады

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өтіп жатқан барлық жас санатындағы Әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасы үшін өте табысты болды.
Бүгін 16 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы сында отандастарымыз 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медальді қоржынға салды. Жүлдегерлер:
Алтын – Расул Тұрсынғазы (-38 кг, неваза), Ғали Батес (+73 кг, неваза), Арай Серікбай (-40 кг, файтинг);
Күміс – Ислам Умаров (-42 кг неваза);
Қола – Эмирхан Самат (-42 кг), Мерей Кабдуллаев (-73 кг);
Жалпы бұл додаға 70 елдің спортшысы қатысып жатыр. Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеке дара көш бастап келе жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или