Басқа

Қазақстандық пара-каратэшілер Италияда әлем чемпионы атанды

Қазақстандық пара-каратэшілер Италияда әлем чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

25-30 қазан аралығында Бергамо қаласында (Италия) пара-каратэден әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 16 елдің спортшылары қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын Ләззат Жүсіпова мен Дидар Мұхамеджанов қорғады.

Спортшылар «Ката» санаты бойынша сәтті өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

1 орын – Ләззат Жүсіпова (көру қабілеті бұзылған спортшылар санаты); 1 орын – Дидар Мұхамеджанов (тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар санаты).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер