Әлем чемпионаты: қазақстандық каратэшілер 2 алтын жеңіп алды
Түркияның Конья қаласында WKF каратэден кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатының 4-күні Қазақстан құрамасы 2 алтын және 1 қола медальге ие болды.
Кадеттер арасында кумите бағдарламасында 70 кг дейінгі салмақта Әлихан Қадырғали финалда Иордания спортшысын 7:0 есебімен ұтты. Әлиханның жеке бапкері – Берік Қасенов.
Ал жасөспірімдер арасында Максим Москвичев 61 кг дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Жеке бапкері – Марат Әріпов (Алматы обысы). Сондай-ақ осы жас санатында Әлішер Тайжанов (+76 кг) қола медальге қол жеткізді. Оның жеке бапкері – Азамат Қойшыбаев (Жамбыл облысы).
Айта кетейік, ертең ӘЧ-ның соңғы күні тағы бір қазақстандық финалда, тағы біреуі қола медаль үшін таласады. Жалпы мұнда 104 елден 1900-ден астам татами шебері бас қосқан. Қазір Ұлттық құрама 3 жүлдемен (2 алтын, 1 қола) жалпы есепте 4-орында тұр. Көш басында 6 медалі (5 алтын, 1 қола) бар Жапония келе жатыр. Одан кейін Мысыр мен Түркия құрамасы жайғасқан.
Ойынға келер болсақ, біз жаман бастаған жоқпыз. Кейін екі рет доп беріліп, екі гол соғылды. Олар аса қауіпті болмады. Дегенмен, кез келген сәт қауіпті. Қазір «Салават Юлаев» өз бабында, жылдам контршабуылдар қолданды», - деді А.Скабелка.