Азия Кубогында балуандар қазақ күресінің жаңа ережесі бойынша күресті

Азия Кубогында балуандар қазақ күресінің жаңа ережесі бойынша күресті

Түркістан қаласында «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогы өтеді. Жарысқа Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері – Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан қатысады.

Қазақ күресі балуандары 18 жастан асқан жеті адамнан тұратын командалар атынан сынға түседі. Спортшылар жеті салмақ санатында белдеседі: 55 келіге дейін, 60 келіге дейін, 66 келіге дейін, 74 келіге дейін, 82 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақта.

Турнир қарсаңында «Olympic center» спорт сарайында төрешілер мен команда бапкерлеріне семинар өткізіліп, қазақ күресі ережелеріне енгізілген өзгерістер түсіндірілді. «Turan Barysy» Азия Кубогының бас төрешісі Қайрат Пазылбек ең үлкен өзгеріс – бүк әдісі алынып тасталғанын айтты.

«Қазақ күресі ережесіне өзгеріс енгізіп, бүк деген әдісті алып тастадық. Жамбас, жартылай жамбас, таза жеңіс қалды. Кілемнен шығуға болмайды деген ережені қатаңдаттық. Балуан кілемнен шықса ескерту жасалады. Үшінші рет шықса жеңілді деген сөз, яғни қарсыласы жеңіске жетеді. Турнир алдында шетелден келген командаларға нұсқаулықтар жібердік. Олар қазақ күресінің ережелерін жақсы біледі. Бүгін тағы да түсіндіріп өттік», - деді турнирдің бас төрешісі.

Қайрат Пазылбектің сөзінше, күрестің сапасы жоғалып бара жатқандықтан бүк әдісі алынып тасталған.

«Ұлттық күресімізді дамытуымыз керек. «Қазақстан барысында» тәжірибе жасап көрдік. Халық та, күрестің айналасында жүрген мамандар да дұрыс шешім деп оң бағасын беріп жатыр. Күрес динамикасы өзгеріп, балуандар әдіс істей бастады. Бұрын тек қана бүкке жұмыс істейтін еді. Тартып қалып, қолы тиіп кетеді де, сонымен ұтып кетеді», - деді Қайрат Пазылбек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или