Әлімханұлына қазақстандық боксшымен жұдырықтасу ұсынылды

Әлімханұлына қазақстандық боксшымен жұдырықтасу ұсынылды

Ring IQ Boxing Talk каналы қазақстандық екі боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) жекпе-жегін өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«WBO рейтингінде Жәнібек Әлімханұлының отандасы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов жоғары тұр. Бір қызығы, олар да бір-бірімен жұдырықтасуға құлықсыз ба? Себебі Әлімханұлы орта салмақта екі титул иегері Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келмейтінін айтқаны есімізде», - дейді арна авторы.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Головкинмен жұдырықтаспайтынын айтқан болатын. Себебі ол Головкинді ағасы ретінде құрметтейтінін мәлімдеген еді. 

Қазір Головкин орта салмақта WBA Super және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болса, Әлімханұлында орта дивизионда WBO титулы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или