Маусымның алғашқы жарысында бақ сынайтын шорт-трекшілер анықталды

Маусымның алғашқы жарысында бақ сынайтын шорт-трекшілер анықталды

28 қазанда Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен Әлем Кубогының алғашқы кезеңі басталады.

Биылғы маусымдағы бірінші жарыс даңқты хоккейші Морис Ришар атындағы аренада 30 қазанға дейін жалғасады. Мұнда тек Қазақстан ерлер құрамасы сынға түспек. Әйелдер құрамасы Солт-Лейк-Сити қаласы қабылдайтын 2-кезеңнен бастап жарыс көркін қыздырады.

Ұлттық құрама тізімі: Нұртілек Қажығали, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша; Бас бапкер – Нұрберген Жұмағазиев. Осы орайда конькишілердің жаңа спорт киімін назарларыңызға ұсынамыз:

Айта кетейік, Монреальда осыған дейін 1987, 2002, 2014, 2018 бен 2021 жылы шорт-тректен Әлем Кубогының кезеңі өткен. Биылдан бастап барлық 6 кезеңнен соң ерлер мен әйелдер арасындағы жалпы есептің жеңімпазы «Гауһар глобусқа» ие болады.

Әлем Кубогының келесі кезеңдері:

2-кезең – Солт-Лейк-Сити (АҚШ), 4-6 қараша;

3-кезең – Алматы (Қазақстан), 9-11 желтоқсан;

4-кезең – Алматы (Қазақстан), 16-18 желтоқсан;

5-кезең – Дрезден (Германия), 3-5 ақпан;

6-кезең – Дордрехт (Нидерланд), 10-12 ақпан;

Желтоқсанда араға 4 жыл салып Әлем Кубогы кезеңі Алматыға қайта оралады. Елімізде алғаш мәрте өткен 2018 жылғы бәсекеде (сол маусымдағы 3-кезең) Абзал Әжғалиев өз отандастарының көз алдында 500 метрге жарыста қола жүлдегер атанған-ды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или