Әмбебап жекпе-жектен Әлем Кубогында Қазақстан 15 алтын жеңіп алды
Түркияның Анталья қаласында аяқталған əмбебап жекпе-жектен Әлем Кубогына бұл жолы 21 елден 650-ге тарта спортшы қатысты.
Оның жартысына жуығы (280) 18-20 жас аралығындағы атлет. Дүбірлі додада Ұлттық құраманың 30 шаршы алаң шебері сынға түсті.
Нәтижесінде бір аптаға созылған бәсекеде Қазақстан лайт және классика бағдарламасын қоса есептегенде 15 алтын, 12 күміс пен 5 қола медальмен жалпы есепте 3-орын алды.
Көш басына Әзірбайжан спортшылары жайғасса, жарыс қожайыны Түркия 2-орыннан көрінді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или