Головкин Bleacherreport рейтингіcінде Мейвезер мен Пакьяоны басып озды

Головкин Bleacherreport рейтингіcінде Мейвезер мен Пакьяоны басып озды

Америкалық кәсіпқой боксшы Тимоти Брэдлидің келесі жекпе-жегіндегі қарсыластарының тізімінде қазақстандық Головкин топ бастады.

Тимоти Брэдли жуырда жерлесі Джесси Варгасты жеңгеннен кейін Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) чемпиондық белбеуіне міндетті үміткерді анықтау үшін белгілі америкалық Bleacherreport басылымы сауалнама жүргізді. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде қазақстандық боксшы тізімде көш бастады.

Рейтингте екінші орында америкалық Флойд-Мейвезер, ал үшінші орында филиппиндік Мэнни Пакьяо тұр. Одан кейінгі орындарда британиялық Келл Брук пен америкалық Кит Турман келеді. Тізімде қарымта жекпе-жек өткізуден үмітті Джесси Варгас та бар.

Тимоти Брэдлидің бапкері Джоэл Диас жергілікті ақпарат құралдарына берген сұхбатында Головкинге қарсы жекпек-жек өткізуге қарсы емес екендіктерін мәлімдеген. Тек, гонорар мәселесі шешілсе болғаны деп отыр америкалықтың командасы.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или