Вороговский «Моленбек» сапында аптаның үздік ойыншысы атанды
Қазақстан құрамасының футболшысы Ян Вороговский Моленбек cапында аптаның үздік ойыншыларының қатарынан көрінді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біз бүкіл команданың тамаша ойынын атап өткіміз келеді! Ояма мен Вороговский деген екі ойыншы өз өнерімен ерекшеленді», - деп жазды бельгиялық клубтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейінгі кездесуде Моленбек чемпионат көшбасшысы Беверенді жеңген болатын. Кездесудің 50-минутында Ян Вороговский Юсеф Чаллюкқа нәтижелі пас берді.
Жалпы, Бельгия бірінші лигасының ағымдағы маусымында қазақстандық 10 матч өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или