«Шектен шықты». Жәнібек Әлімханұлы твитін өшіріп тастады
Орта салмақтағы WBO чемпионы (72,6 келіге дейін) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) қарсыласы ұлыбританиялық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) жекпе-жек алдында әлеуметтік желіде шектен шықты. Мұндай пікірді Vringe.com сайты жазды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
«Сенің балаларың мен немерелерің мені бұл үшін жек көретінін білемін, өйткені сені рингтен мүгедектер арбасында алып кетеді», - деген еді Әлімханұлы.
Кейін желідегілер чемпионға оның қатесін көрсеткен - твит өшірілді, оның орнына Әлімханұлы «Сенім мен мақтаншақтық бір нәрсе емес. Мен барлық дивизион титулдарын жинайтыныма сенімдімін» деп жазды.
Жекпе-жек 12 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.
Фото: twitter.com/qazaqstyle
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или