Садриддин Ахмедов мансабына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Садриддин Ахмедов мансабына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Өткен жылдың қаңтар айынан бері жекпе-жек өткізбеген Садриддин Ахмедов рингке желтоқсанда оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектің өзі Алматыда өтеді, бірақ нақты күні әзірге жоқ.

«Рингке шықпағаныма екі жылға жуықтады. Боксты түсінетін де, түсінбейтін де адамдар неге рингке шықпайсың деп жиі мазалайды.

Келесі жекпе-жегім Қазақстанда, желтоқсан айында Алматыда өтеді. Алайда күні әлі белгісіз. Мен және басқа да қазақстандық боксшылар өнер көрсетеді. Қазақстанда әлі болмаған үлкен шоу болады.

Мен сіздерді сонда шақырамын. Өтініш, алаңды толтырайық. Кездескенше!», деп жазды Ахмедов Instagram парақшасында.

Бұған дейін боксшы жарақаты мен виза мәселесіне байланысты ұзақ уақыт рингке шықпағанын мойындаған болатын.

Ахмедов өзінің соңғы жекпе-жегінде NABF, WBC Francophone және WBA Continental титулдарын жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или