Садриддин Ахмедов Алматыда шаршы алаңға шығады
Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Боксшы Instagram-парақшасында мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, боксшы келесі жекпе-жегін желтоқсан айында Алматы қаласында өткізеді. Нақты уақыты әзірге белгісіз.
Айта кетейік, 24 жастағы қазақстандық боксшының иелігінде бірінші орта салмақтағы WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулері бар. Оларды былтыр иеленген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или