Нұрсұлтан Мамаев Австралияда топ жарды

Мамаев Нұрсұлтан Австралиядағы халықаралық жарыста жеңімпаз атанып, өзінің туылған күніне керемет сыйлық жасады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстан жанкүйерлері алтынды көп күткені белгілі, сол себепті де бұл жүлде барша жұртқа ерекше ыстық екені айдан анық. Қазақстанның былтырғы жылғы үздік таеквондошысы 58 келі салмақ дәрежесінде 4 жекпе-жек өткізіп, қарсылас шақ келтірмеді. Ақтың сыңда ол әлем чемпионы Оңтүстік Корея өкілі Ким Тае Хунды тізе бүктірді. Бұл кездесу көрермен көзайымына айналып, қос саңылақ жақсы дайындықпен шыққаны анық байқалды. Финалға таңдалған жақсы тактика мен дәл соққылардың арқасында Нұрсұлтан жеңімпаз атанды. Қорытынды есеп 10-7.

87 келі салмақ дәрежесіне дейін ел намысын екі саңылақ қорғады. Смайл Дүйсебай қанжығасына қола жүлдені байласа, Жаппаров Руслан жартылай финал жолдамасын әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Джасур Байкузиевпен сарапқа салған болатын. Өкінішке орай біздің өрен өзбек өкіліне 3-1 есебімен жол беріп қойды.

Саңылақтарымызға француз маманы Филип Пинер жетекшілік етуде.

Таеквондодан 6-шы "Australian Open" халықаралық турнирі жасыл құрлықтың үлкендігі жағынан екінші саналатын Мельбурн қаласында өтіп жатыр.

G-2 дәрежесіндегі беделді жарыс 3 күнге созылып, мәресіне 28 маусым күні жетеді.

Дереккөз: Таэквондо федерациясының ресми сайты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или