Ангелина Лукас мансабындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Ангелина Лукас мансабындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас кәсіпқой мансабындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Стамбулда (Түркия) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, украиналық Алена Гурьевамен (1-2, 0 КО) кездесті. Жекпе-жек әрқайсысы екі минуттық сегіз раундқа жоспарланған және екінші раундта қазақстандықтың мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Лукас бәске тігілген UBO International белбеуін жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или