«Universum-мен бұл туралы сөйлескен жоқпыз». Жан Кособуцкий - германиялық боксшымен және чемпиондармен жекпе-жек туралы

«Universum-мен бұл туралы сөйлескен жоқпыз». Жан Кособуцкий - германиялық боксшымен және чемпиондармен жекпе-жек туралы

5 қарашада Германияда ауыр салмақтағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) 31 жастағы германиялық Хусейн Мухамедпен (17-0, 14 КО) WBC International титулын сарапқа салады. 

Арқалық тумасы Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында жекпе-жекке дайындығы мен көңіл-күйі және әлем чемпиондарымен алдағы кездесулері туралы айтып берді.

– Жан, Хусейн Мухамедке қарсы жекпе-жекке қалай және қай жерде дайындалып жатсыз? Не нәрсеге басымдық беріп отырсыз?

– Жекпе-жекке Минскіде дайындалып жатырмыз. Ешнәрсеге басымдық бермейміз, бәрі жағдайға байланысты.

– Мухамед барлық жекпе-жегін Германияда өткізді, сіздің Universum Boxing промоутеріңіз де сонда орналасқан. Командаңыз ол туралы не ойлайды және бірінші кезекте неге назар аударуға кеңес берді?

– Шынымды айтсам, мен ол туралы не ойлайтынын білмеймін, өйткені мен олармен бұл туралы сөйлескен емеспін.

– Қарсыласыңыз, сіз сияқты, нокаут пайызы көп, жеңілмеген боксшы. Оның рекорды мотивацияңызға әсер ете ме және осыған сүйене отырып, өзіңіз үшін қиын қарсыласты күтесіз бе?

– Жақсы рекорд. Бұрын мен оған мән беретін едім, ал қазір бәрібір.

- Жеңіліп көрмеген хорватиялық Агрон Смакичиді бірінші раундта жеңгеніңіз бәрінің есінде. Мухаммедті де осы күтіп тұр ма?

– Қазір ондай нәрселерді ойламаймын, бірақ жекпе-жек жақындағанда анықталады.

- Кәсіпқойлар арасында нокауттарыңыздың пайызы әрбір жаңа жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтау міндеттемесінің салдары ма, әлде бәрі өздігінен бола ма?

– Мен жасөспірімдер арасындағы жарыстардан бастап жекпе-жекке осылай бейімделемін. Біз жекпе-жекте мақсат пен міндет қоямыз, содан кейін оған барамыз.

– Universum Boxing осы жекпе-жекте жеңімпаз атанған спортшы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығу құқығына ие болатынын мәлімдеді. Алдағы жекпе-жектен кейін мансаптың осындай қарқынды дамуы қаншалықты шынайы деп ойлайсыз?

– Ерте ме, кеш пе, мұндай болады. Әзірге бұл туралы көп ойламаймын.

– Жақын арада қазіргі әлем чемпиондарының қайсысымен рингте кездескеніңіз келеді?

– Ең мықтысымен.  

Фото: Universum Boxing, инстаграм аккаунт Хуссейна Мухамеда

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или