Шәміл Сафиуллин: Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін жақсы нәтиже көрсетуіміз керек

Шәміл Сафиуллин: Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін жақсы нәтиже көрсетуіміз керек

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Шәміл Сафиуллин Амманда өтетін XXXII Азия чемпионатына қатысты пікірін білдірді.

«Амманда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Бұл Олимпиадаға алғашқы қадам десек те болады. Біз мұнда келесі жылы Қытайда өтетін жазғы Азия ойындарындағы негізгі қарсыластарымызды білмекпіз.

Өздеріңіз білетіндей, 4 жылда бір келетін құрлық додасында боксшылар тек Олимпиада бағдарламасына кіретін салмақтарда ғана сынға түседі. Сондықтан, Париж Олимпиадасына жолдама алу үшін жақсы нәтиже көрсетуіміз керек. Құрамадағы кез келген боксшы Азия чемпионатының алтын медалі үшін таласуға тас түйін дайын.

Биыл жоспарлаған барлық оқу-жаттығу жиыны мен жарыстарды сәтті өткіздік. Осы тұста Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне, Спортты дамыту дирекциясына, Қазақстан бокс федерациясының басшылығына зор алғыс айтамын. Біздің бірлесе атқарған жұмысымыз жемісті болады деп сенемін»,-деді Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Шәміл Сафиуллин.

<span>Иордания астанасында құрлықтың үздік былғары қолғап шеберлері 30 қазан мен 13 қараша аралығында кім мықтыны анықтайды. Жарыста ерлер 13, әйелдер 12 салмақта сынға түседі.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или