Бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды
Биылғы бокс күнтізбесіндегі басты оқиғалардың бірі – Амманда өтетін XXXII Азия чемпионаты. Иордания астанасында құрлықтың үздік былғары қолғап шеберлері 30 қазан мен 13 қараша аралығында кім мықтыны анықтайды. Жарыста ерлер 13, әйелдер 12 салмақта сынға түседі.
Сары құрлық додасын әдеттегідей Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырады.
Қазір Қазақстан әйелдер құрамасы Амманда қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Мұнда Шәміл Сафиуллин шәкірттерінен бөлек, Филиппин мен Иордания боксшылары дайындығын пысықтап жүр. Назарларыңызға ел намысын қорғайтын шаршы алаң шеберлерін ұсынамыз:
48 кг – Алуа Балқыбекова
50 кг – Назым Қызайбай
52 кг – Жазира Орақбаева
54 кг – Жайна Шекербекова
57 кг – Карина Ибрагимова
60 кг – Римма Волосенко
63 кг – Аида Әбікеева
66 кг – Мадина Нұршаева
70 кг – Дариға Шәкімова
75 кг – Валентина Хальзова
81 кг – Гүлсая Ержан
+ 81 кг – Ләззат Күнгейбаева