Қазақстандық паратаеквондошылар Гран-приде үздіктер қатарынан көрінді
19-20 қазан аралығында Манчестер қаласында (Ұлыбритания) паратаеквондодан әлемдік Grand Prix G6 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлемнің 27 елінен ең үздік 86 спортшының басын қосқан турнирде Нұржан Есілбаев шәкірттері үздіктер қатарынан көрінді. 57 келіде Камиля Досмалова қола медельға ие болса, 80 келідегі Нұрлан Домбаев пен +80 келідегі Нышан Өмірәлі күміс жүлдегер атанды.
Атап өтер жайт, бұл әлемдік Гран-приге үздік ондықта тұрған спортшылар ғана қатысты. Ал ұпай саны жағынан үздік алты спортшыға 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиадаға тікелей жолдама беріледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или