Жастар грек-рим күресінен әлем чемпионатын 1 жүлдемен аяқтады

Жастар грек-рим күресінен әлем чемпионатын 1 жүлдемен аяқтады

Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Әлем  чемпионатында грек-рим күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз қола медаль түсті. Оны 60 келіге дейінгі салмақтағы Олжас Сұлтан жеңіп алды. Қазақстандық алғашқы кездесуінде әзірбайжандық Нихат Захид Маммадлидан ұтылғанына қарамастан жұбаныш белдесуінде үндістандық және украин қарсыласынан басым түсіп түсті. Жүлде жолында қырғыз спортшысын таза жеңді.

Қалған балуандардың нәтижесі:

Нұрзат Қабдырахимов (55 кг) 1-айналымда испан Джеймс Кастано Арджеаганы 10:1 есебімен ұтқан. Алайда жартылай финалда осы салмақта топ жарған ирандық Пойя Сулатқа 8:1 есебімен есе жіберді. Нұрзат жұбаныш белдесуде түрік Ахмет Экрем Тасқыноглудан (7:6) есебімен ұтылды.

Жарылқасын Ержет (63 кг) молдавалық спортшыдан 4:0 есебімен ұтылып, чемпионатты ерте аяқтады.

67 кг салмақта Алматбек Аманбек алғашқы айналымда фин балуаны Элмер Йоаким Маттиламен кездесіп, 3:1 есебімен ұтылды.

Ерасыл Нұрбосынов (72 кг) 1-айналымда түркіменстандық Мұхамедназар Жұмаевпен кездесіп 10:6 есебімен ұтты. Ал 2-айналымда жапон балуаны Дайго Кобаясидан 8:5 есебімен ұтылды.

77 кг салмақта спортшымыз Расұл Жүніс 1-айналымда Израиль балуаны Давид Житиморскийді ұтып, келесі айналымда молдавалық Александрин Гутуға есе жіберді. Жұбаныш белдесуінде үндістандық Саджаннан 9:6 есебімен ұтылды.

Темірхан Байғанин (82 кг) 1-айналымда қырғыз спортшысымен күресіп, аяғын жарақаттан алуына байланысты белдесуді аяқтай алмады.

Мақсат Сайлау (87 кг) 1/8-де үндістандық Кумар Санилды (8:0), ширек финалда ирандық Әли Чубаниды (9:4) жеңген. Алайда жартылай финалда армениялық Геворг Тадевосянның мықты екенін мойындады. Қола медаль үшін таласта нидерландтық атлеттен жеңілді.

Ислам Умаев (97 кг) 1/8 айналымда жапон Юрий Наказатодан айласын асыра алған жоқ.

Аса ауыр салмақты (130 кг) Дамир Зупаров 1-айналымда әзірбайжандық балуанынан ары аса алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или