Альбина Кәкенова Азия теннис федерациясының рейтингінде көш бастады
Азия теннис федерациясы 14 жасқа дейінгі ойыншылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
14 жастағы Альбина Кәкенова сары құрлық рейтингінде көш бастады. Қазақстандық ойыншының еншісінде 2722 ұпай бар.
Азияның ең күшті ондығына Ева Корышева – үшінші орын, Ариана Гогулина – алтыншы, Сатима Төреген – жетінші және Яна Штода кіреді.
Осылайша, 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия рейтингінің ТОП-10-ында Қазақстанның бірден бес өкілі бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или