Андрей Голубев жұптық сында Санкт-Петербург турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Санкт-Петербург ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген А.Голубев монаколық Хьюго Ниспен бірге бастапқы кездесуін тағы бір қазақстандық Александр Бублик – Беларусь өкілі Илья Ивашкамен өткізді. Қазақстандық-монаколық жұп бір сағатқа жетпеген матчта 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Олар бәсеке барысында 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 1 эйстен аса алмады.
А.Голубев пен Х.Нистің ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или