Попко Эквадорда Челленджердің бірінші айналымында жеңілді
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Амбатода (Эквадор) өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің екінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекелей сында бірінші айналымда Дмитрий аргентиналық спортшы Хуан Отегиден жеңіліп қалды. Кездесу екі сетке созылып, 4:6, 5:7 есебімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 26 минут уақыт өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или