Бәйгеден Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
Өткен сенбіде Алматы облысы Талғар ауданындағы «Байсерке» ат спорт кешенінде бәйгеден OLIMBET Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz
40 миллион теңгеден астам жүлдеқоры және турнирдің кең географиясы – бәйгеден OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының басты ерекшелігі, бұл ат спорты жарысының жалғасы болатынын сенімді түрде мәлімдеуге мүмкіндік береді.

«OLIMPBET ұйымдастырған республикалық чемпионаттың финалын Алматы облысында өткізіп жатырмыз. Мұнда жарыстарды ұйымдастыруға тамаша жағдай жасалған. Талғар ауданының ипподромы барлық халықаралық стандарттарға сай. Ал бәйге жарыстарының өзі әрқашан жоғары деңгейде өтеді. Айта кетерлігі, елімізде бәсекеге қабілетті және спорттық сипаттағы ұлттық ат спортына үлкен көңіл бөлінеді. Өйткені, олар бүкіл әлемге танымал болды. Бәйге жарыстары Қырғызстанда, Моңғолияда, Қытайда және Ресейде де өтіп жатқанын айта кеткен жөн», - деп түйіндеді сөзін ұлттық ат спорты түрлерінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік бапкері Нұркен Байбуриев.
Бір күндік финал нәтижесінде бас жүлде – «Лада Гранта» автокөлігін 31 шақырымдық «ҰЛЫ АЛАМАН» бәйгесінің жеңімпазы, Жамбыл облысынан келген Бекарыс Биболсын жеңіп алды.
Бұл бәйгенің күміс жүлдегері Айтқабыл Қабыл «Шевролет Дамас» автокөлігін жеңіп алды.

25 шақырымдық «АЛАМАН» бәйгесінің жеңімпазы Алматы облысынан келген Бекзат Ділдаханға 6 000 000 теңге табыс етілді.
18 шақырымдық «Топ» бәйге номинациясы бойынша 1-орын алған Абзал Мұратұлына (Алматы облысы) 4 000 000 теңге берілді.
12 шақырымдық «ҚҰНАН» бәйгесінде Ділнұр Нұрмұқаш топ жарып, оның марапаты 3 000 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы болды.