Қазақстандық спортшы белбеу күресінен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы белбеу күресінен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Маржан Қаналиева белбеу күресінен әлем чемпионы атанды.

Астана қаласындағы «Аспан» спорт кешенінде 12-15 қазан аралығында белбеу күресінен 2002-2004 жылғы жастар мен қыздар арасында Әлем чемпионаты өтті.

Үш күнге созылған бәсекеде 2002-2004 жылы туған 16 елдің 200-ге жуық спортшысы бозкілемде жеңімпазды анықтады. Жалпы есепте 5 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен Өзбекстан құрамасы топ жарса, Қазақстан құрамасы 4 алтын, 7 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізіп 2-орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или