Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды
Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы халықаралық турнир басталды.
Осымен 20-шы мәрте ұйымдастырылып тұрған жарыстқа Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Йемен және еліміздің барлық өңірінен 160-қа жуық спортшы жиналды. Олар 13 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.
Халықаралық турнирдің ашылу салтанатына Ермахан Ыбырайымов, Мұхтархан Ділдәбеков, Серік Сәпиев сияқты олимпиада және әлем чемпиондары, бұған қоса Бекзаттың анасы да қонақ ретінде қатысып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Осы турнирден түлеген спортшылар арасынан Бекзаттай дара ұлдар шығады деген үміттерін жеткізді. Жарыс жеңімпазы атанған спортшыға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы беріледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или