Қазақстандық таеквондошы халықаралық жарыста жүлде алды

Қазақстандық таеквондошы халықаралық жарыста жүлде алды

Қазақстандық таеквондошы Александр Тен пумсенің фристайл түрінен Muju Taekwondowon Open Challenge Grand Final турнирінде күміс жүлдегер атанды.

Онлайн жарыс Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтті. Muju Taekwondowon Open Challenge Grand Final (G6) 2022 жылғы челлендж финалистерінің арасында ұйымдастырылды.

Ал финал жолдамасын 13 елдің өкілдері сарапқа салған болатын. Финалда тек Қазақстан, Оңтүстік Корея, Тайпей, Гватемала, Хорватия секілді бес елдің спортшылары өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или