«Барыс» ҚХЛ матчында «Адмиралды» сенімді жеңді
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының матчында владивостоктық «Адмиралды» сенімді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барыстың» құрамы: Гудачек (Бояркин) – Бекетаев-Грэм, Луи-Вей-Бракко; Мищенко-Ножье, Шайхмедденов-Шапю-Савицкий; Сергиенко-Григорьев, Михайлис-Шестаков-Петухов; Қайыржан-Шалапов, Әсетов-Сағадеев-Максимов.
Кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Оныншы минутта Егор Шалапов айдын иелерін алға шығарды. Ал 15-минутта Әлихан Әсетов есепті еселеді.
Шешуші жиырма минуттық кезеңде ресейліктер есеп айырмасын қысқартқанымен, көп ұзамай тағы да бір гол жіберіп алды. 51-минутта Энтони Луи кездесудің нүктесін қойды.
«Барыс» (Астана) — «Адмирал» (Владивосток) 3:1 (2:0, 0:0, 1:1)
1:0 — 09:33 Шалапов
2:0 — 14:31 Әсетов (Шайхмедденов, Грэм)
2:1 — 48:20 Лисовец (Криштоф)
3:1 — 50:55 Луис (Бракко, Вей)
Қақпашылар: Гудачек — Серебряков